Еуропа одағы Украинаны алдағы екі жылда қаржылай қолдауға келісті
Еуропа одағының лидерлері Украинаны алдағы екі жылда қаржылай қолдауға келісті. Бұл турасында Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа кеңесінің басшысы Антонио Коста Брюссель саммитінен кейін хабарлады. Дегенмен, олардың мәлімдеуінше, аймақ мемлекеттерінің жетекшілері Ресейдің шетелдегі қаржысын Украинаға көмекке жұмсау мәселесінде уағдаласа алмаған. Себебі Бельгия қарсылық білдіріпті. Алайда, Мәскеудің активтерін пайдалану проблемасы желтоқсанда қайта қаралады.
Тағы бір айта кететін жайт – еуропалық басшылар бүгін Лондонда бас қосады. Онда британ премьер-министрі Кир Стармен аймақ елдерін Украинаға алыс қашықтыққа арналған зымыран беруге шақырмақ.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15