Камерунның 92 жастағы Президенті сайлауда жеңді
Әлемнің ең қарт президенті – Камерунның 92 жастағы басшысы Поль Бийя сайлауда жеңіске жетті. Осылайша ол африкалық елді тағы 7 жыл, яғни 100 жасқа таяғанша басқармақ. Соңғы мәліметке қарағанда, Бийяға электораттың 53,66 пайызы дауыс берген. Ал оның қарсыласы – оппозиция лидері Исса Чирома Бакариді қолдағандар – 35 пайыз.
Чирома да өзін жеңімпаз деп жариялады. Оның жақтастары көшеге шығып, полициямен қақтығысты. Алайда билік өкілдері сайлауда заңсыздықтарға жол берілді деген ақпаратты жоққа шығарып, оппозиция уәжімен келіспей отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05