АҚШ-та аммиактан 36 адам зардап шекті
АҚШ-тың Оклахома штатының Уэзерфорд қаласында танкерден аммиак төгіліп, 36 адам госпитальге түсті. 11-і ауыр халде жатыр. Мұны жергілікті полиция департаменті хабарлады. Оның дерегінше, 500-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Аммиак қонақүйдің жанына тоқтаған машинаның автоцистернасынан аққан. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Зардап шеккендердің ішінде 14 полицей бар. Олардың бесеуінің тыныс жолдарын химиялық күйік шалған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05