Грекия фермерлері шеруге трактормен шықты
Грекияда фермерлер трактормен шеруге шығып, ел астанасы Афины мен Салонники қалалары арасындағы жолдарды бөгеді. Бұдан автомагистральдарда көлік қатынасы қиындап кеткен.
Ауыл еңбеккерлерінің демонстрацияға шығуына Еуропа одағынан 600 миллион еуро көмек пен өзге де төлемдердің кешігуі себепші.
Айтуларынша, қаржысыз қалған шаруашылықтар күйреуге жақын және де фермерлер проблемалары шешілмесе, наразылық акциясын Рождество мерекесіне дейін жалғастыратынын ескертті.
Грекияның
оңшыл-центристік үкіметінің мәлімдеуінше, төлемдер кейбір фермерлердің
мемлекеттік қызметкерлермен сыбайласып, жалған құжатпен ақша алу ісі тергеліп
жатқандықтан кешігіп жатыр. Ал билік шерушілерге таяу күндері көмек
көрсетуге уәде беріп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02