Басты Жаңалықтар А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді

А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді


Сүйінші жаңалық. Әлем чемпионатында көркем гимнастикадан жерлесіміз Ақмарал Ерекешева үздік 5 спортшының қатарына енді. Доданың шешуші күнінде ұршық жаттығуында өнер көрсеткен Ақмарал Ерекешева осындай жақсы нәтиже көрсетті. Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан жаһандық чемпионаттың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.

Еске салайық, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.


Бөлісу