Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
Қазақстанның екі палаталы парламенттен бір палаталы органға көшуі тарихи өзгеріс. Бұл институттардың атын ауыстыру ғана емес, тұтас жүйенің жаңаруын көрсетеді. Саяси институттарды зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар осылай дейді.
Людвик Топлак, Аlma Мater Еuropaea университетінің ректоры:
Тұңғыш Құрылтай сайлауы бұл саяси бәсекелестікті ынталандыруға берілген мүмкіндік. «Құрылтай» атауының өзі символдық мәнге ие. Ол заманауи институтты Қазақстанның тарихи дәстүрлерімен байланыстырады. Демократия барлық елде бірдей болуға міндетті емес. Ол халықтың өз тарихы, мәдениеті, тәжірибесі негізінде дами отырып, таңдау еркіндігінің әмбебап қағидаттарын жүзеге асыруы тиіс.
Микаела Пиллакури, Enalian consulting компаниясының негізін қалаушы:
Заңгер ретінде және Қазақстанға Кипрлік іскерлік делегация құрамында барған адам ретінде мен жаңа Құрылтай сайлауын мемлекеттік институттардың ауысуы тұрғысынан қарастырамын. Тиімді мемлекеттік институттар ұзақ мерзімді дамудың сенімді негізі. Сондықтан мен өкілді институттарды дамытуға және заңнаманы жаңғыртуды құптаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00