Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2024-2025 жылдары тартылған
инвестицияның жалпы көлемі шамамен 677 млрд теңгені құраған. Бұл 2022-2023 жылдармен
салыстырғанда шамамен 300 млрд теңгеге көп. Ол кезде су саласын дамытуға 377,9
млрд теңге инвестиция тартылған.
Жауапты мамандардың айтуынша, тартылған инвестициялар ең алдымен су шаруашылығы
инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталып жатыр. Атап айтқанда, халық
пен ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті су қоймалары,
каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар қамтылған.
Бұл жұмыстар қолданыстағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және суды
жинақтау мен бөлу үшін жаңа қуаттар құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде
инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттырып, су шығыны көлемін азайтуға
және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға бағытталады.
Инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму
банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су
қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл
контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.
«Инвестициялар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға, яғни су қоймаларын, каналдар мен басқа да нысандарды салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға тартылады. Бұл ретте халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды көздейді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18