Сайлаушылар белсенділігі жоғары
Астанада да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Таң сәріден дауыс беру учаскелеріне келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатқан тұрғындар қарасы қалың. Қоғам қайраткерлері де саяси науқанның маңызына тоқталып, әр азаматтың дауыс беруі ел ертеңіне әсер ететінін атап өтті. Өйткені бұл – тарихи кезең. Жаңа саяси жүйенің қалыптасуына жол ашатын маңызды сайлау. Сондықтан әрбір дауыс – елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Жанарбек Әшімжан, ақын, журналист:
Еліміздегі үлкен, саяси, тарихи сайлау. Өйткені екі палаталы парламент бір құрылтайға айналып отыр... Елдің ертеңі үшін, өзінің өсіріп жатқан перзенттері үшін, отбасы үшін, отан үшін, әлеуметтік әділдік үшін, тазалық үшін сайлау арқылы ғана қол жеткіземіз.
Мұрат Әбенов, қоғам белсендісі:
Мен сайлауға немерелеріммен келдім. Солардың болашағы үшін біз бүгін өзіміздің шешімдерімізді жасауымыз керек. Ертең бқл ұлкен бастама. Тарихта қалатын сайлау бұл.
Автор
Мақпал Ауғанбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05
Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
15.09.2026, 17:02