Астана және Алматы әкімдері дауыс берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Сайлау – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс» деп жазды. Ол «Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған», – деді. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Әкімнің айтуынша, бүгін еліміздің саяси тарихында жаңа кезең басталды. Ол әр азаматтың таңдауы елдің болашақ даму бағытына әсер ететінін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18