Басты Жаңалықтар Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды

Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды

Қазақстан цифрлық активтер нарығын заңдастырып, оны толыққанды қаржы жүйесіне енгізуге ниетті. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов саланы дамытудың 6 негізгі бағытын атады. Ол қандай бағыттар? Премьер-министр жауаптыларға нақты қандай тапсырма берді?

Елімізде цифрлық активтер нарығы заңды әрі ашық жүйеге көшеді. Ұлттық банк бұл үшін 6 нақты шара ұсынды. Біріншісі - лицензияланған провайдерлердің мүмкіндігін кеңейту. Олар цифрлық активтерді шығарып, сатуға, айырбастауға, сақтауға және есеп айырысуға мүмкіндік алады. Бұл нарыққа банк, брокер және басқа да қаржы ұйымдары белсенді тартылады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Екінші - Қазақстанда шығарылған стейблкоиндерді пайдалану. Олар тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуде, экспорттық-импорттық операцияларда және трансшекаралық аударымдарда қолданылады. Бұл есеп айырысуды жеделдетіп, бизнес шығындарын азайтады. Үшінші - орталықтандырылмаған қаржыны реттеу тәсілдерін әзірлеу. Төртінші - цифрлық майнингті дамыту.

Бесінші - арнайы салық режимін енгізу. Қазақстандық лицензияланған платформалар арқылы операция жасайтын жеке тұлғаларды 2026-2028 жылдары жеке табыс салығынан босату ұсынылды. Алтыншы Ұлттық банк жанынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитетін құру. Ол цифрлық актив бағытын лицензиялау, қадағалау және салалық саясатты үйлестіреді. 

Сондай-ақ қазақстандықтар 11 елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ. Олардың қатарында Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан бар. Жобаларды іске қосу мерзімі әр ел бойынша әртүрлі болады. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, онда қазақстандықтар  кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен аталған елдерде төлем жүргізеді. 

Үкімет Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдады. Енді Ұлттық банк мемлекеттік органдармен бірлесіп, сондай-ақ Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Цифрлық теңгенің криптовалютадан айырмашылығы - Ұлттық банк шығаратын орталықтандырылған цифрлық валюта. Яғни, заңды төлем құралы. Сондықтан Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру цифрлық теңгені қолданудың маңызды нәтижесі болуы тиіс.

Самал Қабышева, тілші:

Мемлекеттік сатып алуда да цифрлық теңгенің үлесі артады. Яғни, шарт жасалған жерге төлем автоматты түрде жүргізіледі. Бұл бюджет ақшасының қайда және қандай мақсатқа жұмсалғанын бақылауды күшейтеді. Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгені осындай бағыттарда кеңінен қолдануды тапсырды.
Бөлісу