Сыртқы істер министрлігі: Зілзала болған Непалдағы 17 қазақстандық азаматтың барлығы дін аман
Жойқын зілзала болған Непалдағы 17 қазақстандық азаматтың барлығы дін аман. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге сай, сенбіде болған 80 жылдағы ең қуатты зілзала құрбандарының саны 4 400-ден асты, 8 мыңнан астам адам жараланған.
Табиғи апаттан 8 миллион тұрғын жапа шегіп отыр.
Ел астанасы, әрі планетамыздағы көне қалалардың бірі - Катманду мен ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Бхактапур қаласы үйіндіге айналған.
Сырттан жеткізіліп жатқан медициналық, гуманитарлық көмек мөлшері зілзаланы бастан кешкен тұрғындарға жеткіліксіз. Соған байланысты үкімет халықаралық қауымдастықтан жәрдем сұрап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16