АҚШ-тан басқа елде қару-жарақпен кісі өлтіру мәселесі жоқ - Б.Обама
Ақ үй басшысының сөзінше, Құрама Штаттарда атыс қаруының кесірінен жаппай кісі өлімі апта сайын тіркеледі.
Сонымен бірге, Обама АҚШ-тан басқа әлемнің бірде-бір елінде дәл мұндай проблеманың жоқтығын жеткізді.
Бұл ретте Ақ үй басшысы атыс қаруын ұстау және бақылау туралы заңдарды күшейту туралы өз бастамасының Конгресстен қолдау таппайтынына қынжылады.
Құрама Штаттар лидері Орегон штатындағы мектепте болған атыстан бірер сағаттан кейін сөз сөйлеп отыр.
Тратдейл қаласындағы оқу орнында қаруланған ер адам оқ атып, 1 оқушыны мерт қылды. Кейін қылмыскер өзін-өзі атып өлтірген. Әзірге оның есімі белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16