Ауғанстанда тәліптер 11 адамның саусағын шауып тастады
Ауғанстанның Герат провинциясында тәліптер 11 адамды президенттік сайлаудың екінші кезеңінде дауыс беруге қатысқаны үшін жазалады.
Қылмыскерлер олардың дауыс беру кезінде арнайы сия жағылған сұқ саусақтарын шауып тастаған. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жапа шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілуде.
Жалпы, сайлау күні тәліптер ел аумағында 150-дей шабуыл ұйымдастырып, 46 адамды өлтірген. Миллиондаған тұрғын тәліптерден қорқып, дауыс беруге қатыспаған.
Қазіргі президент Хамид Карзайдың ізбасарын анықтайтын саяси доданың нақты қорытындысы шілденің 22-де белгілі болады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16