Басты Жаңалықтар Париж көшелерінде енді электроавтобустар жүретін болады

Париж көшелерінде енді электроавтобустар жүретін болады

«FlixBus» неміс компаниясы француз астанасынан 160 шақырым жердегі Амьен қаласына қатынайтын жаңа бағытты іске қосқан. Жалпы, 49 адамды тасымалдауға арналған бұл көлік 5 сағат бойы қуат алмай 250 шақырым қашықтықты бағындыра алады. Болашақта компания мұндай автобустарды көптеп шығаруды жоспарлап отыр. Себебі, олардың қоршаған ортаға зияны жоқ және техникалық қызметке жұмсалатын шығыны да аздау. Жаңа электроавтобус сәуірдің 12-де алғашқы сапарға аттанбақ.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу