Басты Жаңалықтар Америкалық әуе компаниясы ұшақтардың қозғалтқыштарын тексеру мақсатында 40 шақты рейсті доғарды

Америкалық әуе компаниясы ұшақтардың қозғалтқыштарын тексеру мақсатында 40 шақты рейсті доғарды

Америкалық «Southwest Airlines» әуе компаниясы ұшақтардың қозғалтқыштарын тексеру мақсатында бүгін 40 шақты рейсті доғарды. «Боингтардың» моторын тексеру жұмыстары 30 күнге жоспарланған. 

Мұндай талапты компанияларға сәуірдің 20-да АҚШ-тың Азаматтық авиациясының федералдық  басқармасы қойды. Оған сай, тексерістен Құрама Штаттарда 352, бүкіл әлем бойынша 681 қозғалтқыш өтеді.

Бұл шара өткен аптада Пенсильванияда болған әуе апатына байланысты қолға алынып отыр. Онда «Боингтың» моторы әуеде жарылып, ұсақ бөлшектер иллюминатор шынысын сындырған. Абырой болғанда, пилот лайнерді жерге қондырды. Алайда, сол оқиғадан бір жолаушы қаза тауып, 19 адам жараланған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Бөлісу