Екатеринбург қаласына қар жауды
Ресейдің Екатеринбург қаласына қайтадан қыс түсті. Өткен тәуліктің ішінде мұнда жауын-шашынның бір айлық мөлшерінің жартысы жауып, айнала аппақ қарға бөленген.
Ауа райының мұндай тосын мінезі, әсіресе, жергілікті жүргізушілерді әбден әбігерге салды. Себебі, олар көліктерінің дөңгелектерін жазғыға айырбастап үлгерген. Сондықтан, полиция қызметкерлері машина иелеріне жолға шықпауға кеңес беріп отыр.
Сонымен қатар, қайта оралған қыс тұрғындарды да қапыда қалдырды. Жұрт бір-бірін кенеттен келген Жаңа жылмен құттықтап, әлеуметтік желілерді #тағықыс және #қарапокалипсисі деген тәрізді хэштегтері бар түрлі суреттермен толтырды.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01