Шәміл Әбілтаев, Дулат Исабеков және Уәлихан Қалижанов Елбасы қабылдауында болды
Алмазбек Атамбаевпен болған кездесуден соң, Елбасы Алматыдағы резиденциясында жазушы Дулат Исабековті, Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижановты, сондай-ақ, күйші Шәміл Әбілтаевты қабылдады.
Емен-жарқын әңгіме кезінде Елбасы мен Дулат Исабеков мәдениет пен әдебиеттің жай-күйін талқылады. Жазушы кейінгі уақытта жазған туындылары мен жоспарлары туралы баяндады.
Бір аптадан соң Лондонда жазушының ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтеді. Ал, Уәлихан Қалижанов Президентті Әдебиет және өнер институтының бүгінгі қызметінен хабардар етті.
Ал, дәулескер күйші Шәміл Әбілтаев Президенттің алдына базарлықпен барды. Елбасының Теміртауда жұмыс істеп жүрген шағында шығарған «Шұбар ат» өлеңі негізінде жазылған әнін орындап берді.
Қазақ өнеріне алпысыншы жылдары құбылыс болып келген күйші Шәміл «Қазақстан - Нұрсұлтан» деп аталатын күй-портретін де орындады. Бұл туындыға композитор жеті жылын арнапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05