Елбасы бизнесті дамытуға қатысты 7 тапсырма жүктеді
Қорытындылай айтсақ, Ұлттық инвесторлар кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті дамыта түсу үшін 7 тапсырма жүктеді. Бірінші, теңге нарығын дамыту үшін Ұлттық банк қосымша ынталандыру пакеттерін ойластыру керек.
Екінші, Ұлттық банк Үкіметпен бірге 1-ші маусымға дейін Ұлттық бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры активтерін инвестициялау стратегиясын әзірлеуі тиіс.
Үшінші, тағы да Ұлттық банк пен Үкіметке 1-ші маусымға дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын дайындау міндет, төртінші, «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы көрме нысанда
рының құрылысына қазақстан бизнесін тартудың жөн-жобасын жасауы тиіс.
Бесінші, Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу рейтингінде Қазақстан 2016-шы жылы озық отыз елдің санатына қосылу керек. Бұл енді Үкіметтің міндеті.
Алтыншы, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын жасауы тиіс.
Жетінші, яғни, соңғысы - Үкімет жергілікті органдармен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен іс-қимыл регламентін бекітуге міндетті. Жеті тапсырманы осылай жіктедік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05