Атбасардағы тасқын судың беті қайта бастады
Атбасардағы тасқын судың беті қайта бастады. Шағын қаланың іргесіндегі Жабай өзенінде су деңгейі 6 метрге көтеріліп еді, кеше 4 метрге төмендеді. Ұзын-ырғасы 450 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. 400-ден аса үйге қызылсу кірген.
Атбасардың ахуалы тек облыс әкімдігінің ғана емес Үкіметтің назарында. Кеше бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев барды. Су жайылған аумақты әуеден бақылаған өкімет өкілі тұрғындармен кездесіп, арнайы жиын да өткізді.
Ал негізі Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге жүйелі көмек көрсету үшін арнайы штаб құрылған. Жергілікті және республикалық деңгейдегі төтенше жағдай қызметінің өкілдері ахуалды мейлінше назарда ұстап отыр. 517 маман, 87 техника, 12 қайық және су соратын арнайы станция жұмыс істеп тұр.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Бүгінгі таңда 44 үй құлаған. Соны қалпына келтіру керек. Сондай-ақ, 195 үй су астында тұр. Тексерудің нәтижесі бойынша оларға көмек көрсетеміз. Үйлерді сатып алу, сату мәселесі бойынша тексеру жасақтарын ұйымдастыратын боламыз.
Биыл Қазақстанда қар көп түсті, қызылсу әр өңірді әуреге салды. Әсіресе, Арқадағы аймақтар - Қарағанды, Ақмола облыстарында, Солтүстік Қазақстанда су көп. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында да тасқын су жұртты абыржытқаны бар. Ал, еліміздің тиісті органдары қауіп-қатердің алдын-алуға көп күш жұмсады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11