Өмірзақ Шөкеев Елбасыға жекешелендіруге дайындық барысын баяндады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконы қабылдады. Кездесуде енді бірер күннен соң Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің күн тәртібі қаралды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ол кездесудің маңызы мен интеграциялық процестердің пайдасына көңіл аударды. Виктор Христенко болса Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі шартты әзірлеу барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновпен кездесті. Екеуара әңгімеде банктің еліміздегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.
Банк 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өткен жылдарда қаржылық құрылым Қазақстан экономикасына 2 миллиард доллардан аса қаржы құйған, сондай-ақ, электр энергетикасы, машина жасау, химия өнеркәсібі секілді салаларда 28 жоба іске асқан.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Қор төрағасы трансформациялау бағдарламасын әзірлеу процесі мен жекешелендірудің жаңа кезеңіне дайындық мәселелерін баяндады. Қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22