Елбасы еліміздегі барша мұсылманды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Ал, осы аптада мұсылман қауымы үшін мың айдан да қайырлы Ораза басталды. Бұл ай «әлхамдулиллаh мұсылманмын», деп білетін әрбір жұмыр басты пенде үшін жақсылықтар жасаудан жарысатын, жаратқанның разылығына бөленер нығметті кезең. Ендеше, Рамазан - ризықты болсын, ағайын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Астанадағы жаңа мешітте болды. Елбасы еліміздегі барша мұсылман жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бәрімізге белгілі осы айда ораза ұстаған адам барлық күнәсінен арылады, Аллаға жақын болады. Осы айдың ішінде барлық мұсылмандар жақсылық істеп, басқа жұртқа көмектесіп, қолынан келгенше бірлікке, жақсылыққа, кемтар жандарға көмектесуге жол ұстауы керек. Сондықтан, Рамазан айының басталғанымен барлық Қазақстан мұсылмандарын құттықтаймын.
Елбасы аралап көрген мешіт «Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан. Аумағы – сегіз гектар жер. Мұнарасының биіктігі 29 метрге жуықтайды. Мұнда бір мезгілде мың жарым адам иық жанастыра, сәждеге жығылады. Бұл Елордада есігін айқара ашқан осымен сегізінші мешіт.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жолаушылар әуежайдан келе жатқан кезде жолында тұрады. Астанаға келетін қонақтар үшін ұшақтан көрінетін болады. Сондықтан, бұл да елді имандылыққа, бірлікке, бақытқа шақыратын мекеме болсын. Мешіттің қабырғасында оқылған Құран, тілек Қазақстан болашағына, елдің бірлігіне қабылданатын болсын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22