Бразилиядағы Әлем чемпионатының топтық кезеңдері аяқталды
Биылғы чемпионат өзі ғаламат, ғажайып сенсацияларға толы болды. Елеусіз Коста-Рика 1/8 финалға өтіп, айды аспанға шығара жаздады. Чемпион құрама - Испанияның футболшылары салы суға кетіп, елдеріне қайты, Еуропаның вице-чемпионы Италия да солай.
Ал ағылшындар 56 жылдық тарихында алғаш рет 1/8 финалға шыға алмай, бармақтарын тістеп қалса, тісі қышып жүрген уругвайлық Суарес италияндық әріптесін тістеп алып, тоғыз бірдей матчтан шеттетілді. Тізе берсек, чемпионат қызыққа толы.
Ал кеше 1/8 ойындар басталды. Бразилия мен Чили арасындағы, Колумбия пен Уругвай арасындағы жан алысып, жан беріскен ойынды өздеріңіз көрдіңіздер. Ал бүгінгі матчтардың аңдатпасы мынадай. Кешкі 22.00-да Нидерланды-Мексика, түнгі 00.00-де Коста-Рика мен Грекия футболшылары кездеседі.
Ойындарды біздің Ұлттық арна мен «KAZsport» көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22