Астана өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған қалаға айналды
Елбасы Елордаға инвестиция тарту мәселесіне мұқият назар аударып, Астана қысқа мерзім ішінде өзін-өзі қамтып отырған қалаға айналды. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны үш есеге көбейіп, ЖІӨ-нің көлемі 54 еседен артық өсті.
Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді, ал инвестиция көлемі 28 есе артты. Айта кетейік, 16 жылдың ішінде елордаға 4 триллион 780 миллиард теңге қаржы тартылды.
Соның арқасында құрылыс сәтті жүріп, қаланың дамуының бас жоспары іске асырылды. Астана Қазақстан елордасына айналғалы 12 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Инвестициялар есебінен қаланың индустриялдық дамуына қолдау көрсетілді.
Әлемге танымал өндірістер іске қосылып, былтыр өндірістің жалпы өнім көлемі 0,5 миллиард долларға жеткен. Сонымен қатар, Астана арнайы экономикалық аймағында индустриялық парк құрылып, оның аясында теміржол, құрылыс және құбырлар мен жеңіл өнеркәсіпке қатысы бар бірқатар зауыттар іске қосылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22