Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті (БЕЙНЕБАЯН)
Біз астаналықтар «күпімізді тастасақ екен, жеңіл киінуді бастасақ екен», деп күннің күлімдегенін күтіп жүрміз. Кей өңірлерде көктем. Қылышын қынабына қайта салып, кәрін төккіш қыс кетті. Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті.
Кеше батыстағы ағайын «Көрісу» мерекесін атап өтті. Көрісу – Ұлыстың ұлы күні жақындағанын білдіретін ұлық күн. Өкпе-ренішті қоятын күн, бауырсаққа тоятын күн, семіз малды соятын күн.
Осы уақыттан бастап, күннің көзі елжіреп, түйе боздап, қой қоздап бар мал өріске шықты. Ел-жұрт емен-жарқын жер аяғы кеңігенше деп жоспарлаған тіршілігіне кірісті. Қазір сол көктемнің берекелі күндерінен бейнеүзік қараңыз.
Қалила АМАНҚҰЛОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12