Елорда оқушылары арасында «Ғасырдан ғасырға» атты зияткерлік байқау өтті
«Ғасырдан ғасырға». Бүгін Астанада осындай атаумен интеллектуалдық байқау өтті. Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған шара биыл қазақ киносына арналды. Яғни, қазақтың әйгілі актері әрі режиссері, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 105, сондай-ақ, кино және театр майталманы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына бағытталған.
Байқау қатысушыларына қойылған тапсырма – қазақ кино өнеріндегі жастардың бейнесін сомдау. Осы ретте 9-10-шы сынып оқушыларынан құралған 65 команда өзара бәсекеге түсіп, соңында тек 15-і ақтық кезеңге жолдама алды. Жүзден жүйрік шыққандар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, интеллектуалдық сайыс биыл 10-шы мәрте өтіп отыр.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05