Онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға зейнетақы жинақтарын бірреттік төлеу мәселесін қайта қарау керек
Осылай деген Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына сауал жолдады. Өйткені, қазіргі қолданыстағы зейнетақы жинақтарын алу тәртібіне сәйкес, адам қайтыс болғаннан кейін ғана зейнетақы жинақтарын оның отбасы немесе жақындары алады.
Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өзінің өмір бойы қорға аударып отырған жинақтарын алудағы осындай кедергілерге байланысты, ауру адамның қосымша сапалы ем алу мүмкіндігі шектеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға мүгедектігінің санатына қарамастан, зейнетақы жинақтарын бірреттік төлеу мәселесін қайта қарауды ұсынамыз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қызғылт қоянға аңшылық» фильмінің премьерасы өтті
26.12.2025, 13:09
«ECOFINAL 2025: Тазалыққа 100 қадам» экологиялық акциясы өтті
26.12.2025, 13:08
АҚШ-та кәсіп ашқан қазақстандықтар көбейді
26.12.2025, 13:06
Қосшыда 60 отбасы баспаналы болды
26.12.2025, 13:04
Таразда 2,5 мыңға жуық тұрғын баспаналы болды
26.12.2025, 13:03
Жапонияда 2026 жылға рекордтық көлемде бюджет бекітілді
26.12.2025, 13:02
АҚШ-та су тасқынынан 2 адам қаза тапты
26.12.2025, 13:02
Мемлекет басшысы Премьер-министр О.Бектеновті қабылдады
26.12.2025, 13:01