Басты Жаңалықтар Төрт жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасы да өз мәресіне жетіп қалды

Төрт жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасы да өз мәресіне жетіп қалды

2016-2019 жылдарға арналған 7 бағыттан тұратын медициналық жобаның қорытындысы «Нұр Отан» партиясында талқыланып, бөлінген қаражаттың жұмсалу тиімділігі пысықталды.

 

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның үш жылғы жұмысы бойынша көзделген мақсаттар толық орындалған.

 

Атап айтсақ, жалпы өлім-жітім 3,1 пайызға төмендепті. Қатерлі ісіктен келетін өлім 8,2 , туберкулезден қаза болатындар саны 29,4 пайызға азайған. Бұдан бөлек жиында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025-жылдарға аналған жаңа бағдарламасының жобасы да таныстырылды.

 

Ол үш негізгі бағытты қамтиды: Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қолдау. Ал межелі көрсеткішке жетпегендер бойынша әңгіме бөлек болмақ.

 

Болат Төкежанов, ҚР ДСМ-нің жауапты хатшысы:

 

Мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында жергілікті өңірлер мен кейбір индикаторларға қол жеткізілген жоқ. Ана мен бала өлім көрсеткіші, нәресте өлімін қарастырамыз. Динамиканы алғанда әрине төмендеп келе жатыр. Бірақ та мақсатты көрсеткішті алғанда ол орындалған жоқ. Оның себебі аналардың өлімі , соңғы 4 жылдық ақпаратқа қате талдау жасап,кезінде дұрыс кодталмаған аурулардың қайта алып тексердік. Сондықтан жалпы саны көбейді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Бөлісу