Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы қақтығыстан 8 адам қаза тапты
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында қақтығыс болып, 8 адам қаза тапты. Тәртіпсіздіктер жексенбіде елдің жоғары шенді тұлғаларының сапарынан кейін басталған. Рейтердің мәліметінше, Үндістанның ішкі істер министрінің кортежі екі фермерді қағып өлтірген.
Айта кетсек, сол күні бір топ шаруа көшеге шығып, министрдің келуіне қарсы шерулетіп жатқан еді. Екі кісінің өлімі үшін кек алу мақсатында наразы топ бірнеше автокөлікке от қойған.
Үндістанда фермерлер былтырғы қарашадан бері наразылық акциясын үзбей өткізіп келеді. Олардың биліктен талабы - ауылшаруашылығы саласына қатысты жаңа заңның күшін жою. Шерушілердің сөзінше, бұл реформа бұрынғы табыс табу механизмінен айыруы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Павлодар облыстық онкологиялық диспансері жаңа аппаратпен жарақтанды
25.11.2026, 17:10
ШҚО-ға тағы 150 дәрігер қажет
25.11.2026, 17:07
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқын алды
25.11.2026, 17:07
Жетісуі облысының өнеркәсібі екі есеге артқан
25.11.2026, 17:05
ШҚО Мәслихат сайлауына дайын
25.11.2026, 17:03
Президент Ресейге жұмыс сапарымен барады
25.11.2026, 17:00
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07