АҚШ-та іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
АҚШ-тың Гавай штатындағы алапат өрттен кейін іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жолдар ашылып, тіршілік қалпына келуде. Өткен аптадан бері жабық тұрған Мауи тасжолында көлік қатынасы қайта жанданды. Лахайна қаласында құрбандар саны 106-ға жеткен. Мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кетті. 2 мыңдай ғимарат күлге айналды.
Алдын ала мәліметке сай, өрттен келген шығын көлемі - 5,5 миллиард доллар. Гавай аралдарында өткен аптаның ортасында өрт тұтанған еді. Содан бері мыңдаған шаршы шақырым аумақ жанып кеткен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08
ОСК өңірлердегі сайлауға дайындықты тексерді
25.11.2026, 10:05
Бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем өседі
25.11.2026, 10:03
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06