Азия ойындарында ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Байрақты бәсекеге ерлер командасын Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бастап барады. Сондай-ақ 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов, 81 келіде Алмат Әділет, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байқамұров және Ерасыл Қажыбаев сынға түседі.
Әйелдер құрамасында 48 келіде Әбиба Әбужақынова, 52 келіде Меруерт Сәрсенова, 57 келіде Дана Әбдірова, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 70 келіде Ажар Асхат, 78 келіде Екатерина Токарева, ал 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова ел намысын қорғайды. Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10