Польша премьер-министрі ресми сапармен Иерусалимге бармайтын болды
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Иерусалимге сапарын доғарды. Оған Израиль премьер-министрінің мәлімдемесі себепші. Биньямин Нетаньяху жақында Польшаға ресми сапарында Холокост кезінде «поляктар немістермен ынтымақтасты» деп айтқан. Мұны Израиль газеттері хабарлады. Сол хабардан кейін Польшаның үкімет басшысы Иерусалимге барудан бас тартып отыр.
Айта кетсек, жыл басында Польшада жаңа заң қабылданды. Оған сәйкес осы елді соғыс кезінде нацистермен сыбайлас болды деп айыптағандар қылмыстық жауапқа тартылып, 3 жылға сотталады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10