Перудің экс-президенті өзіне қол жұмсады
69 жастағы Алан Гарсия үйіне полицейлер тұтқындауға келгенде есікті іштен жауып алып, өз басына оқ атқан. Ал, госпитальде оның жүрегі үш рет тоқтады. Медиктер бригадасы қанша күрескенімен, экс-президентті құтқара алмады.
Гарсия екінші мерзімге 2006 жылы сайланып, Перуді 2011 жылға дейін басқарды. Тергеушілердің мәлімдеуінше, мемлекет басшысы осы уақыт аралығында Бразилияның «Одебрехт» құрылыс компаниясынан ел астанасы Лимада метро салуға байланысты пара алған. Гарсия бұл айыпты мойындамады. Дегенмен, аталған компания өкілдері 2004 жылдан бері перулік жоғары лауазымды шенеуніктерге 30 миллион доллардан астам пара бергендерін растап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертектері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10
Ертіс пен Үлбінің арнасы зерттеледі
26.11.2026, 17:09