Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасын өлтірді деген күдікпен тұтқындалған тағы бір әйел босатылды
Малайзия соты 2017 жылы Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намды өлтірді деген күдікпен ұсталған екінші әйелді түрмеден босатты. Доан Тхи Хыонг Вьетнамға бүгін ұшады.
Ол индонезиялық Сити Айсия екеуі Кимнің ағасының бетіне Куала-Лумпур әуежайында жүйкені зақымдайтын дәрі сіңдірілген орамалды басқан. Одан Ким Чен Нам көп кешікпей қайтыс болды.
Бірақ екі әйел де матада у барын білмегенін және реалити-шоуға қатысып жүрміз деп ойлағандарын айтып, өздеріне тағылған кінәні мойындамады. Индонезиялық әйелдің айыбы дәлелденбегендіктен, биыл наурызда қамаудан босатылды
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10
Ертіс пен Үлбінің арнасы зерттеледі
26.11.2026, 17:09
Жаңа мектептерге білімді маман қажет
26.11.2026, 17:07
Жітіқара қаласындағы емхана ғимаратын жаңартты
26.11.2026, 17:05
Спорт кешенін салуға ₸18,8 млрд бөлінді
26.11.2026, 17:03