Люксембургта Абайдың 175 жылдығына орай әдеби кеш өтті
Люксембургта Абайдың 175 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Шараны Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығы қауымдастығы мен еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі бірігіп ұйымдастырды. Кешке жиналғандар қара сөзден қамшы өрген ақынның қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз, швед, неміс тілдеріндегі өлеңдерін оқып, Абай әндерін бірге шырқады. Шетелдік меймандар ғұламаның адам мен қоғам, білім, ғылым, дін, дәстүр, жалпы философиялық ой тұжырымдары ғасырлар өтсе де, маңызын жоғалтпайтынын айтады. «Хакімнің қара сөздері - классикалық үлгідегі ойлар шоғыры, әлем халықтарының ортақ қазынасы»,-дейді жиналғандар.
Халим Титсауы, Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығы қауымдастығының құрылтайшысы:Ұлы философ, ақын, ғұлама Абай сол уақыттың өзінде 8 тілде сөйлеп, Пушкин, өзге де ақын-жазушылардың шығармаларын шебер аударған. Ақынның өлеңдерін оқыған сайын Қазақстанға сапарлағандай әсер аламын. Сырға толы поэзиясы үміт сыйлап,өмір сүруге деген құлшынысыңды арттырады. Осы бай мұраны біз жаһан жұртына насихаттауымыз керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18