Еріктілерді ынталандыратын жобалар қарастырылып жатыр
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Президенттің бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жалғасуда. Шараны 60-тан астам үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері, өңір әкімдіктері мен жоғарғы оқу орындары қолдап әкетті. «Волонтерлер жылы» аяқталғанымен, қайырымдылыққа бағытталған жобаларды тоқтатпаймыз дейді ұйымдастырушылар.
Ел бойынша «Қайырымды істер марафоны» аясында 350 ге тарта іс-шара ұйымдастырылып, 2 млн адамға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ халықаралық еріктілер қатары артты. БҰҰ-ында Қазақстан атынан 71 волонтер қайырымды істер атқарып жүр. Ал елімізде 47 мыңнан аса ерікті бар. Оларды ынталандыру мақсатында түрлі жобалар қарастырылып жатыр.
Мадияр Қожахмет, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:
Жоғары оқу орындарының арнайы орта білім беру мекемелеріне түсу және азаматтық қызметке кіру кезінде басымдық алу бөлігінде волонтерлердің құқықтарын кеңейту ұсынылып отыр. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығар кезде волонтерлік қызмет өтілін есепке алу, мемлкеттік мүлікті алуға жеңілдіктер ұсыну мәселесі де қарастырылып жатыр.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07