Қазақстан шетелдік екпеге тәуелділіктен арылды
«Қазақстанның «Qazvac» вакцинасын өндіріп, елде екпе жұмыстарын белсенді жүргізуі-коронавируспен күрестегі нық қадам». Еуропалық «Travel tomorrow» агенттігінің басшысы осылай дейді. Медиапортал қазақ елі екпе өндірісінің толық циклын игерген мемлекеттердің бестігіне енгені жайлы көлемді мақала жариялады. Агенттік жетекшісінің пайымынша, Қазақстан отандық вакцинасын шығару арқылы шетелдік екпеге тәуелділіктен арылды. Әрі ғылыми жетістігін жаһанға паш етіп, індеттің жойылуына қомақты үлес қосуда-дейді Антонио Бускардини.
Антонио Бускардини, «Travel tomorrow» медиа порталының бас директоры, журналист:
Қазақстан өзінің төл вакцинасын шығарып, бүгінге дейін 300 мың адамға екпе салғаны керемет жаңалық. Яғни, елдеріңіз екпе өндіру бойынша аймақтың хабына айналды. Географиялық тұрғыда бүкіл Азия мемлекеттерін екпемен қамтамасыз етуге, індеттен қорғауға қауқары жетеді. Сондықтан, көрші елдер қазақ вакцинасының игілігін көреді деген сенімдемін. Президент Тоқаев бастапқыда 50 мың доза шығарып, әрі қарай өндірісті күшейтеміз деді. Бұл алдымен өз халқы үшін тамаша мүмкіндік.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18