Еуропа елдері вакцинаның үшінші дозасын салмақ
Еуропада коронавирус жұқтыру қарқыны сәл бәсеңдеген соң, қарт құрлық елдері карантинді жеңілдетіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шектеулердің тез алынып тасталуын құптамай отыр. Ұйым өкілдері асығыс қабылданған шешім-Еуропадағы жағдайдың Үндістандағыдай ушығуына әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қағуда. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Үнді штамы 10 күннің ішінде Еуропаның 10 мемлекетінде тіркелген. Вирустың таралуына тосқауыл қою үшін өткен аптада Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Германия, Италия үндістандық туристерге шекарасын жапқан болатын. Дегенмен, Испания портына тоқтаған кеме экипажындағы үш теңізшіден вирустың жаңа түрі анықталған. Сондай-ақ, күні кеше Лондондағы сыртқы істер министрлерінің G7 саммитіне келген үндістандық делегация өкілдерінен де үнді штамы анықталған. Бәрі оқшауланды. Әзірге аса қауіп жоқ деп Еуропа елдері карантинді жеңілдетіп жатыр. Дания, Португалияда мейрамханалар, театрлар, спортзалдар ашылды. Италия мен Грекияда дәмханалардың жазғы алаңдары іске қосылды.
Вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін Еуроодақ елдерінде 150 млн екпе салынған. Яғни, Одақ тұрғындарының 25 пайызы екпенің алғашқы дозасын алған. Шілдеге дейін ересектердің 70 пайызына вакцина салу жоспарда бар. Еуроодақ екпе науқанын күшейту үшін Балқан елдеріне Pfizer/BionTech-тің 10 мың дозасын жеткізді. Қазір Балқан елдерінде вакциналау қарқыны бойынша Сербия көш бастап тұр. 7 млн халқы бар елдің 1,5 млн тұрғыны екпенің екі дозасын алған. Үкімет екпе салдыртқан әр азаматқа 25 еуродан төлемек. Ел билігі халықты осылай ынталандыру арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырудан үмітті. Ұлыбритания, Франция, жалпы Еуропа ғалымдары иммундық жүйені күшейтіп, вирустың мутацияға ұшыраған түрлерінен қорғану үшін вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10