Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты
Семейде бүгін «SEMEY BUS» серіктестігіне қарасты автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Салдарынан таңертеңнен бері халықтың жүріп-тұруы қиындаған. Автобус жүргізушілері өздеріне тиісілі зейнетақы төлемдері мен міндетті медициналық сақтандыру қорына екі жылдан астам уақыт бойы қаржы аударылмай жатқандығына наразы. Мұндай қарсылықты «SEMEY BUS» жүргізушілері осыған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған. Өз талаптарын әкімшілік өкілдеріне жеткізгеннен кейін қоғамдық көлік жүргізушілері, түске қарай қайта жұмыстарына кірісті. Ал облыс әкімшілігі жақын арада мәселеге қатысты түсінік беру үшін, арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ.
Қайырбек Манасов, автобус жүргізушісі:
Міне екі жарым жыл болды менің осында жұмыс істеп жүргеніме. Осындай әңгіме шыққан кезде, маған итке сүйек лақтырғандайқылып ақырып пенсионный фондты 4мың, 5мың лақтырады. Айналдырып келгенде сол ғана. Ал енді екі жарым жылда менде миллионннан асып кетуі керек.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18