Семейде індетпен күрес жөніндегі штаб өкілдері кездесу өткізді
«Елім үшін егілемін». Семейде осындай атаумен вакцина алудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Қатысушылардың мәліметі бойынша, қауіпті кеселден көз жұмғандар саны жөнінен Қазақстан әлемде 6-орында. Қазір 117 мыңдай адам ем қабылдап жатыр. Сондықтан, індеттің салдары мен вакциналаудың маңызы туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін республикалық штаб құрылған. Штаб құрамында 36 адам бар. Журналистер, дәрігерлер мен қоғам белсенділерден тұратын топ өңірлерді аралап, індетке қарсы күрес пен вакциналаудың маңызы жайлы жиындар мен түлі акциялар өткізбек.
Рақым Ошақбаев, індетке қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб мүшесі:Біздің міндетіміз – Отандастарымыз өзінің, отбасы мен жақындарының және жалпы тұрғындардың денсаулығын қорғауда дұрыс шешім қабылдауы үшін, халыққа Ковид-19 бен екпе жайлы неғұрлым объективті ақпаратты жеткізу. Қазір біз Қазақстанның дамыған мемлекеттердегідей 70-80%-ның вакцина алуын мақсат етіп қойдық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07