«Semey Bus» ЖШС-не тиесілі автобустар тәркілене бастады
Бүгін Семейде «Semey Bus» ЖШС-не тиесілі автобустар тәркілене бастады. Кәсіпорын басшыларының қарсылығына қарамастан 100 көлікті сот орындаушылары серіктестік аумағынан алып кетті. Екі жыл бұрын ғана құрылып, жолаушы тасымалымен айналысқан «Semey Bus» кәсіпорны, «Өндірісті дамыту қорына» лизинг үшін 1 млрд 212 млн теңге көлеміндегі қарызды өтей алмаған. Оған қоса жұмысшылардың жалақысы бойынша берешекке батқан. Нәжижесінде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойып, қоғамдық көлік жүрмей қалды. Соңғы екі айда автобустар мүлдем тоқтаған. Нәтижесінде бірнеше сот өтіп, көліктерді қор есебіне қайтару туралы шешім шығарылған.
Болат Едігенов, сот орындаушы:24 тамыз күні серіктестік басшыларына тәркіленетін автобустардың құжаттары мен кілтін ерікті түрде беру туралы сот шешімі шығып, ескерту қағазы берілген. Алайда, кәсіпорын жетекшілері оны орындамады. Сол себепті бүгін күштеп тәркіледік. Енді соттың шешімін орындамаған басшыларды жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07