Әлихан Смайылов: 2024 жылға дейін газ бағасы өзгермейді
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді. Эконом кластағы автомобилдерді сатып алу үшін биыл осындай көлемде қаражат қарастырылып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Сондай-ақ Үкімет басшысының сөзінше, 2024 жылға дейін газ бағасы өзгермейді. Табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы сақталады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ Премьер-Министр табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруын бақылау жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15