35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
Ақмола облысының 35 мыңнан астам тұрғыны «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысып жатыр. Жас буынның кітапқа деген құштарлығын арттыру үшін Атбасар қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Оқырман» байқауы бастау алды.
Мектепішілік бәсекенің шарты қарапайым, бірақ жүйелілікті талап етеді: оқушылар күн сайын оқыған беттері бойынша күнделік жүргізеді. Әрі кітапханашымен шығарманы талдап отырады. Балалардың ынтасын ояту үшін мектеп әкімшілігі демеушілерді тартқан. Әр аталым бойынша жеңімпаз атанған тұрақты оқырманға велосипед сыйға тартылады. Күн сайын 15-20 минут кітап оқу — ми жұмысын жақсартып, сөздік қорды байытады,-дейді атбасарлық ұстаздар. Сондықтан балалардың кітапты күнделікті өмір салтына айналдыруы байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат.
Ұнатхан Егізбай, Мұғалім:
Бастауыш сыныптарға 30 өлең жаттау, орта буындағыларға 50-ден астам мақал-мәтелдерді жаттау. Ол тек қазақ тілімен шектелмейді, орыс, ағылшын тілдерінде де қарастырылған. 15 кітап оқып, белгілі бір сыйақыларды алады, бірінші, екінші орынға велосипедтерді беріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы