Басты Жаңалықтар Патриоттық әндерге байқау жарияланды

Патриоттық әндерге байқау жарияланды

30 миллион теңге! Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауының жалпы жүлде қоры осындай. Бүгін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Ән додасы Отан, туған жер, ел бірлігін насихаттайтын жаңа туындылар мен талант иелерін анықтауды көздейді. Қатысушылар бұрын еш жерде жарияланбаған шығармаларын марш, лирикалық және заманауи сарындағы патриоттық әндер бағыттары  бойынша ұсына алады. Гран-при иегеріне 6 миллион теңге. Жеңімпаздардың есімдері Тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі болады. Ал өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданады.

Қалқаман Сарин, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

Мәреге жеткен әндерді сонымен ғана құттықтап, жүлдегерлерді марапаттаумен ғана шектелмейміз. Бұл әндердің насихатталуына Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі болып отыр. Өңірлік, республикалық телеарналар мен радиостанциялардан әндер насихатталатын болады. Жаңа, жақсы жүлдегер, жеңімпаз әндерге клиптер түсірілетін болады.

Бөлісу