Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
Абай Құнанбаевтың өмір мен шығармашылық ортасына қатысты жәдігерлер жақын арада кітап болып басылады. Өйткені, ақын атындағы музейдің көрме залдарында мол мұраны бірден көпшілік назарына ұсыну мүмкін емес. Және біз көріп жүрген экспонаттардың дені көшірме. Ал түпнұсқа түгелдей арнайы ережелерге сай ел көзінен тасада сақтаулы. Ақыннның нақ өзінен қалған қолжазба, заттары мен фотосы қанша? Олар қайда? Бұл сұрақтарға Ержан Жақып жауап іздеп көрді.
Ғұлама Абайдың рухани мұрасы шексіз. Ақынның бас музейінде сақталған материалдық құндылық та жетерлік. Жәдігер саны 20 мыңнан асады. Соның арасында хәкімнің қолының табы қалған заттары, суреті мен хаттарының түпнұсқасы 22 ғана. Ақынның бүгінге дейін белгілі екі фотосуреті мен жалғыз қолжазбасы ғана бар.
Мейрам Болаткеров, музейдің экскурсия жетекшісі:
Оның бірі өзінің ұлдарымен түскен. Екіншісі отбасымен түскен фотосуреті. Бірінші суреті 51 жас кезінде болса, екінші суреті 58 жас кезіндегі Абайдың суреті. Қайым Мұхаметқанов арқылы музейге келіп түскен.
Музейлерден сіз бен біз көріп жүрген көшірме. Ал негізгісі мұражайдың арнайы қорында қаттаулы. Күзетіліп, барлық қауіпсіздік сақтаулы. Күн сәулесі түспейтін, ауа ылғалдылығы мен тазалығы мұқият тексерілетін бөлмеде жасырылған.
Меруерт Аблынбаева, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының бас қор сақтаушысы:
Құнды жәдігерлер деп айтамыз. Оның ішінде қолжазба, фотосурет негізді түпнұсқа сейфтерде сақталып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізіледі. Абайдың тұпнұсқа фотосуреті, түпнұсқа қолжазбасын саусақпен санарлық-деп айта аламыз.
Абайдың шығармашылығымен байланысты жазбалар, көне кітаптар, деректердің дені де мұрағат сөрелерінде ғана тұрады. Соңғы жылдары музей қызметкерлері оларды кітап қылып басып, жарыққа шығара бастады. Оған қоса музей қоры ғалымдардың еңбектерімен толығып жатыр.
Қуат Қиықбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының бөлім басшысы:
Биылғы жылдың жаңалығы не дегенде. Қолжазба деректер тапсырылды. Тұрсын Жұртбайдың өзінің саналы ғұмырында Абайтануға өзінің арнаған ғұмырында, өзі тірнектеп архив материалдарын, жинаған дүниелердің барлығы музей қорына табысталды. Қорамолла жарғысы кейінгі жылы, кітап болып басылып шықты.
Мамандар айтуынша Абай, Мұхтар мен Шәкәрімге қатысты тек музей мұрағатында сақталып келген құнды деректер, енді көпшілікке «Абай жолы кітапханасы» сериясымен шығатын басылымдар арқылы таралмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы