Қоржында - 10 алтын
Азия Пара ойындарында кезекті тарихи жетістік тіркелді.
Күншығыс еліндегі кешенді жарыстың үш күнінде жерлестеріміз 10 алтын жүлде
жеңіп алды. Сонымен қоржында алтынан бөлек, 11 күміс, 16 қола бар. Бүгін
Қазақстан құрамасының өкілдері әсіресе: пара велоспортта және татамидегі
тартыста табысты өнер көрсетті. Нагоядағы әріптесіміз Азат Қадырбек
чемпиондармен сұхбаттасты.
2023 жылы аспан асты елінде қазақстандық параспортшылар
жалпы саны 41 жүлдеге қол жеткізген. Ханчжоуда 8 отандасымыз тұғыр биігінен
көрінді. Нагояда жарыс басталған сәттен 37 медаль қоржынымзға түссе, бүгін 5
бірдей алтын жүлдеге қол жеткіздік. Алдымен, пара велоспорттың B класында 20
шақырымдық жарыста Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Алиев үздік нәтиже
тіркесе артынша Анастасия Калаус - Полина Братчикова жұбы мәреге бірінші болып
жетті. Ал, 35 минут 26,64 секундта мәреге жеткен қазақстандық дует Кирилл
Илюкевич пен Глеб Брусенский күміспен күптелді.
Пара садақ атуда ел тарихындағы төртжылдық басты
бәсекесінің тұңғыш жүлдесін елімізге Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым
жұбы тарту етті. W1 класының финалында қытайлық спортшылармен сынға түскен
мергендеріміз бұл ойындардың күміс жүлдесіне қол жеткізді.
Пара дзюдо шеберлері татамидегі тартыстың соңғы күнінде үш алтын, бір күміс және төрт қола медальмен
жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ақтoлқын Сейілбекова және Зарина Райфова
айналмалы жүйеде 4-қарсыласын да, таза жеңсе Жұрқамырза Шүкірбеков азулы
ирандық қарсыласын белдесу түгісер шақта юко ұпайымен тізе бүкітірді.
Дәл қазір, құрама қоржынында 37 жүлде бар. 150 пара
спортшымыз сынға түсіп жатқан айтулы дода 24 қазанға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы