Басты Жаңалықтар Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды

Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды

Шымкентте Мәулен Әшімбаевтың  «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» кітабының таныстырылымы өтті. Туындыда автор елдің өткені мен бүгінін сараптап, болашағына бағдар жасайды. Саяси үдерістердің мәнін ашып, мазмұнына үңіледі. Тақырыпты кітаптың таныстырылымында болған тілшіміз жалғастырады

Үлкен саясатта жүріп жорғарғы заң шығарушы органға басшылық еткен Мәулен Әшімбаев түрлі реформаларды жүзеге асыруға атсалысқан азамат ретінде кітапта саяси шешімдердің мән-маңызын түсіндіреді. Тарихи процессті 7 тарауға жіктеп, жаһандық жағдаятты талдайды. Ішкі саясат пен экономиканы сараптап, өңірлердің дамуы мен ұлттық бірегейлік жайында ой қозғайды. Парламенттік реформаның жай-жапсарын тарқатып, Қазақстанның геосаяси ұстанымын зерделейді. 

Мәулен Әшімбаев , Мемлекет және қоғам қайраткері:

 Кітаптың негізгі өзегі реформалардың мазмұнын баяндау ғана емес, оның астарындағы мәнді, философиялық және жаһандық маңызын пайымдау. Мен оқырманға күнделікті оқиғалардың тасасындағы тарихи үдерістерді көрсетуге тырыстым.

Автордың пікірінше, жаһандық өзгерістер еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан әлемдік үдерістерден шет қалмай, оның белсенді қатысушысына айналуы тиіс. Ал, зиялы қауым кітап турасында толымды пікір айтып, студенттер саяси шығарманың маңызына үңілді.

Рамазан Тұрғанбек, студент:

Мен бұрын саяси терминдерді, мемлекеттік реформаларды түсіну қиын. Оны тек саясаткер ғана түсінеді деп ойлаушы едім. Бүгін ойым өзгерді, білімім артты. Мәулен Әшімбаев мемлекеттік жүйені ежектеп, түсінікті тілде жеткізді.

Мәулен Әшібаев конституцияда бекітілген құндылықтар еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсатын айқындайтынын айтады. Кездесу барысында елдің технологиялық әлеуетін нығайту, цифрлық даму мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелері талқылады. Жиын соңында автор оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу