Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
Елімізде көмір өндіру көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, былтыр 115 миллион тонна көмір өндірілген. Ал жалпы қор 33 миллиард тоннадан асады, дейді мамандар. Қазіргі қарқын сақталса, бұл 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Соңғы жылдары салаға жаңа технологиялар енгізіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Соның арқасында жастардың да қатары артып келеді.
Данияр Құрманов, Кенші:
Мен өзім кенші әулетінен шыққан адаммын. Әкем «Қазақстан» шахтасында, анам «Ленин» атындағы шахтада машинист болып жұмыс істейді. Өзімнің де шахтада жұмыс істеп жүргеніме биыл үш жыл болады.
Шахтадағы ең басты мәселе – қауіпсіздік. Қазір қауіпсіздік ережелері де өзгеріп, жаңа жүйелер енгізіліп жатыр. Мысалы, шахтерлердің қай жерде жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін позициялау жүйесі бар. Қауіпсіздікке өте қатты көңіл бөлінеді. Шахтаға келген бетте медициналық тексеруден өтіп, қан қысымымызды өлшетеміз.
Қазір шахталарға жастар да көптеп келіп жатыр. Сонымен қатар жаңа техникалар жеткізілуде. Комбайндар, бульдозерлер, бұрғылау қондырғылары келіп жатыр. Заманауи техникамен жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы.
Барлық әріптестерімді және Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Еліміздің экономикасына үлесімізді қоса берейік!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы