Павлодар облысында екі бірдей адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Павлодар облысында екі бірдей адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Ол мәйіттерді үйдің ауласында қалдырып, өзі тығылып қалған. Қанды оқиға Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында тіркелді. Азаматтық некедегі марқұмдардың үйінде кәмелеттік жасқа толмаған баласы да болған. Дегенмен ол зардап шекккен жоқ. Ересектер дауыс көтеріп, жаға жыртыса бастаған сәтте тығылып қалған. Күдіктінің бұндай оқыс әрекетке баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Аталған қылмыстық іс жасағаны үшін 22 жастағы күдікті, ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07