Павлодар облысында 208 мың гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Бұл аумақтар кезінде жеке азаматтардың пайдалануына заңсыз берілген. Мәселен, Май ауданында 5 бірдей жайылымдық жер шаруалардың атына рәсімделген. Бірақ шүйгінді алқаптар мал тұяғы тимеген күйі қала берген. Тіпті, от тисе лап ете қаларлықтай қаулаған шөп басып, айналадағы фермерлердің жеріне қауіп төндірген. Шағым түскен соң тексеру жүргізген аудандық прокуратура өкілдері біраз жайттың бетін ашты. Жер телімдері мал бағу үшін өтініш жазған тұрғындарға ешбір конкурссыз беріле салғаны анықталды. Ол жер қазір қайтадан мемлекеттің иелігіне өтті. Бұған көз жұмған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02