Петропавлда пәтер жалдау ақысы 20 пайызға қымбаттады
Петропавлда қонақ үйлер мен жалға берілетін пәтерлерде бос орын жоқ. Құзырлы органдардың мәліметінше, соңғы аптада жалдамалы баспана құны 20 пайызға көтерілген. Ал азық-түлік пен қоғамдық тамақтану орындарында баға тұрақты. Бұл жөнінде өңірлік комуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
Нұржан Садықов, облыстық Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:
38 қонақ үй бар, оның 1933 төсек орындары бар. Олардың барлығы 100 пайыз толды. Олардың жартысында Ресей Федерациясының адамдары.
Көрші мемлекеттен бұл өңірге келген адамдардың нақты саны әзірге белгісіз. 21 қыркүйектен бері 30-дан астам Ресей азаматы шұғыл дәрігерлік көмекке жүгінген. Қазір авто және теміржол вокзалдарында жүрген жолаушылардың қарасы қалың.
Иван Васюков, Ресей азаматы:
Билет тапшылығын байқамадым. Көпшілігі негізінен жеңіл көліктермен кетіп жатыр. Петропавлға бір айға келдім. Одан кейін Ресейдегі жағдайды байқаймын. Әзірге Қазақстан азаматтығын алу жоспарымда жоқ. Пәтер жалдау бағасы көтеріліп жатыр. Грузия мен Арменияға кеткен достарым бар. Ондағы баға 3-4 есе өсіп кеткенін айтты.
Эльмира Қаленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02